«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Байзақ ауданы Сарыкемер ауылындағы №7 орта мектебі балалар игілігіне берілді. » «№7 орта мектебі»
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Байзақ ауданының білім бөлімінің
«№7 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72637) 7-93-07
Директор:
+7(775) 438-20-74
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Байзақ ауданы Сарыкемер ауылындағы №7 орта мектебі балалар игілігіне берілді.
02
қыркүйек
2024

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Байзақ ауданы Сарыкемер ауылындағы №7 орта мектебі балалар игілігіне берілді.







1 қыркүйек күні Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында  Байзақ ауданы Сарыкемер ауылындағы №7 орта мектебі балалар игілігіне берілді.”Мектебім - мейірім мекені” тақырыбындағы салтанатты шараға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, басқарма басшысы Рауан Садырқұлов, білім саласының ардагерлері, ауыл тұрғындары, оқушылар, ұстаздар мен ата-аналар қатысты.Мерекелік жиын мектеп оқушыларының өнерімен жалғасып, алғашқы қоңырау соғылды. Жайлы мектептің ашылу салтанатында облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, облысымыздың білім саласындағы жетістіктері, балалар үшін жасалып жатқан жағдайлар турасында сөз етіп,  оқушылар мен ұстаздарды жаңа білім ұясының ашылуымен құттықтады.  Өңір басшысы жаңа білім ошағына интерактивті панельді сыйға тартты. "Жайлы мектеп» ұлттық жобасы - оқушы орнының жетіспеушілігін шешуге және қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайтуға бағытталған. Жобада функционалды және қауіпсіз білім беру ортасын құруға ерекше назар аударылған. Бастауыш және жоғарғы сынып оқушылары үшін бөлек блоктар қарастырылған. "Samruk-Kazyna Construction"  акционерлік қоғамының "Тараз  құрылыс дизайн" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Тайшапов Талп Рәтпекұлы №7  орта мектеп директорының міндетін атқарушы Есентаева Гулмира  Ауесбайқызына мектеп кілтін тапсырды. Салтанатты шараға қатысқан ата-аналар білім ордасын аралап көріп: "Балаларға барлық жағай жасалған. Кітапхана мен асханасы және спорт залдары өте кең екен. Заманауи техникалармен жабдықталған. Балаларымыздың зейіні ашылып, білімге құштарлығы оянсын.  Қазіргі оқушыларға барлық жағдай жасалып жатыр. Тек олар мүмкіндігі мен уақытын дұрыс пайдаланып оқулары керек., -деп өз ойларымен бөлісті.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив