10
қаңтар
2025
"Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында қаңтар айы - "Заң және тәртіп" айы
№7 орта мектебінде "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында қаңтар айы - "Заң және тәртіп" айында оқушыларды бір айлық жоспармен ДҚТІЖО Т.Е.Бегалиев таныстырып, болатын мектепшілік іс-шараларға аса белсенділікпен қатысуға шақырды. Өз сөзінде "өз құқықтарын білетін және өзгелердің құқықтарын сыйлап құрметтейтін азамат - қоғамда өз орнын, өз ойын еркін айтып, адал азамат болады"- деді. Сонымен қатар оқушыларды тәртіп пен заңға байланысты мазмұнды ақпартпен бөлісіп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.

