28
қазан
2024
Жалпы білім беретін пәндер бойынша мектепшілік олимпиадасы өткізілді
2024 жылдың 28-29 қазан күндері дарынды балаларды анықтау, оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру мақсатында, жалпы білім беретін пәндер бойынша мектепшілік олимпиадасы өткізілді . 5-11 сынып аралығында 228 оқушы қатысты.Қазақ тілі мен әдебиет 30оқушы,орыс тілі-15 оқушы, ағылшын тілі -31 оқушы , математика -20 оқушы, география – 19 оқушы, химия-20 оқушы, биология -26 оқушы, тарих- 29 оқушы қатысты. Мектепішілік кезеңнен орын алған 51 оқушы аудандық олимпиадаға қатысты. Аудық кезеңге 6-сынып оқушыларынан 6 оқушы қатысты. Оның ішінде 1-2-3 дәрежелі дипломдарымен 5 оқушы жүлделі болды.Жаратылыстану пәнінен Сыбанқұл Ақнұр 2 -орын. Жетекшісі Толепова Э.У.Тарих пәнінен Абибулло Мейіржан 2-орын. Жетекшісі Қалқабаев Нүркен. Орыс тілі пәнінен Кемелбек Жанерке 3- орын. Жетекшісі Болатова Лаура. Математика пәнінен Сейдулла Олжас 3-орын. Жетекшісі Жайлыбаева Аяжан. 6 А сынып оқушысы Өсер Балнұр қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен аудандық кезеңінен 1-орын алып, облыстық кезеңіне өтті.Жетекшісі Есентаева Г.А.