Инновациялық педагогикалық тәжірибені облыс көлемінде ауданаралық әдістемелік алаңда іс - тәжірибесін тарату » «№7 орта мектебі»
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Байзақ ауданының білім бөлімінің
«№7 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72637) 7-93-07
Директор:
+7(775) 438-20-74
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Инновациялық педагогикалық тәжірибені облыс көлемінде ауданаралық әдістемелік алаңда іс - тәжірибесін тарату
23
ақпан
2026

Инновациялық педагогикалық тәжірибені облыс көлемінде ауданаралық әдістемелік алаңда іс - тәжірибесін тарату

     Жамбыл облысының білім басқармасы Байзақ ауданы 7 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-шебер Есентаева Гульмира Ауесбайқызы. Инновациялық педагогикалық тәжірибені облыс көлемінде ауданаралық әдістемелік алаңда іс - тәжірибесін таратты. Авторлық бағдарлама тақырыбы; 
    «Көркем шығармалар арқылы білім алушылардың оқу сауаттылығын арттыру» атты авторлық бағдарламасын сәтті қорғады.Оқушының кітапқа деген қызығушылығын ояту және оқу сауаттылығын арттыру — қазіргі білім берудегі ең маңызды міндеттердің бірі. “Көркем шығармалар арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру» атты авторлық бағдарламасы осы бағыттағы тиімді шешімдерді ұсынады.
   Бағдарламаның негізгі басымдықтары мен ерекшеліктері:
Заманауи әдіс-тәсілдер: Оқушылар визуалды оқылым, кейіпкер күнделігі және рөлдік ойындар арқылы шығарманы тереңірек сезінеді.
Цифрлық мүмкіндіктер: Сабақ барысында QR-кодтар, аудио және бейне платформалар секілді мультимедиялық контенттер қолданылады.
  Сыни ойлауды дамыту: «ПОПС формуласы» мен түрлі оқылым стратегиялары оқушының өз ойын дәлелмен жеткізуіне мүмкіндік береді.
Функционалдық сауаттылық: Оқушылар мәтінді тек оқып қана қоймай, PISA форматындағы тапсырмаларды орындауға дағдыланады.
   Тұлғалық қалыптасу: Бағдарлама халық ауыз әдебиетінен бастап, Абайдың қара сөздері мен заманауи лириканы қамти отырып, ұлттық құндылықтарды дәріптейді.
Бұл бағдарлама көркем шығарманы тек әдебиет ретінде емес, тұлғаны қалыптастырудың негізгі құралы ретінде қарастырады.
Бағдарлама оқушылардың көркем мәтінді терең түсінуі, талдауы,
Бағдарлама аясында:
    •    Көркем шығармаларды функционалдық бағытта оқыту; 
    •    Сыни ойлау стратегияларын қолдану;  
    •    PISA форматындағы тапсырмалар енгізу;   
    •    Оқуға қызығушылықты арттыру жолдары қарастырылған.
   Гульмира Әуесбайқызының кәсіби ізденісі мен шығармашылық еңбегі — білім сапасын арттыруға қосылған маңызды үлес деп білеміз.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив