07
қараша
2024
"Ибалы ұл, инабатты қыз" тақырыбында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында жиналыстар өтті.
№7 орта мектебінде жасөспірімдер арасында "Ибалы ұл, инабатты қыз" тақырыбында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында жиналыстар өтті. Аталған алдын алу жұмысын қыздармен бөлек, ұлдармен бөлек жұмыс жүргізілді. Жиналыс
барысында ДҚТІЖО Т.Е. Бегалиев бірінші кезекте тәртіп пен білімнің маңызы мен құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша дәріс оқып, оқушылардың формасы, оқушының шаш үлгісі және тазалыңы туралы сонымен қатар әкімшілік құқықбұзушылық туралы толық ақпарат берді. Құқықбұзушылық зорлық-зомбылық, буллинг, электронды т.б темекі түрлерінің зияны, өзара қарым-қатынас, қауіпсіздік ережелері, түнгі уақытта жүруге тыйым салынатындығы, ақша жинау, бопсалау мәселелері туралы айтылды. Мектеп психологтары жаңа форматта кибербуллинг туралы ақпараттық слайд арқылы барлық кезде көмек берілетінін жіті түсіндірді. Өз кезегінде ДТІЖО С.Е.Калабаева қыздармен бөлек жиналыс жасап, мазмұнды, мағыналы тақырыптарды қозғады.
Күн тәртібінде:
1. "Тәрбие тал бесіктен басталады" қазақ қызыныңі болмысы, ерекшелігі, құндылығы туралы жігерлендіру.
2. "Қыз инабаттылығымен сыйлы" тақырыбында С.Қуандық қыздардың өміріне психикасына ерте жыныстық қатынастың кері әсерлері туралы түсіндіріп, қыздардың сұрақтарына жауап берді.
3. "Ашық сұхбат" сырласу кезеңін мектеп психологы П.А. Джиеналиева, А.А.Алдабергенова қыздармен алдын алу, ағарту, психоконсультациялық жұмыс жүргізді.
4.Кәмелетке толмағандарды діни экстремизм мен терроризм идеологиясына тартудың алдын алу жөніндегі профилактикалық жұмыс

