Вакансия » «№7 орта мектебі»
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Байзақ ауданының білім бөлімінің
«№7 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72637) 7-93-07
Директор:
+7(775) 438-20-74
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
тамыз
2025

Вакансия

“Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім  бөлімінің №7 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі бос тұрған лауазымды орынға конкурс жариялайды.

Конкурс Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бірлескен бұйрығының талаптарына сәйкес жүргізіледі. Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар "Enbek.kz ” сайтына жарияланды.

Конкурс төмендегі бос және уақытша бос орынға жүргізіледі: 

1.Химия пәні мұғалімі - 8 сағат жүктемеге уақытша;

2.Физика пәні мұғалімі - 12 сағат жүктемеге уақытша;

3.Ағылшын тілі пәні мұғалімі - 8 сағат жүктемеге уақытша;

4.Биология пәні мұғалімі - 8 сағат жүктемеге уақытша;

5.Математика пәні мұғалімі - 8 сағат жүктемеге уақытша; 

Конкурстың жарияланған күні: 18.08.2025 ж.

Конкурсқа құжат қабылдау 18.08.2025 – 27.08.2025 жыл аралығында өтеді.

Мекеменің атауы: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім  бөлімінің №7 орта мектебінің коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Мекен-жайы: Жамбыл облысы Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Учетный Квартал 003,уч2674.   Электрондық пошта zhaily.7mektep @yandex.kz

      Білуге тиіс: 

      Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;

       педагогика және психология негіздері; 

       мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері; 

      педагогикалық этиканың нормалары;

       менеджмент, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері; 

      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар;

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды қағаз түрінде жолдайды:

       1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

     7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

     8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

     9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

      10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS - айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;

      11) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

     12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.


Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Учетный Квартал 003,уч2674 мекен-жайынақұжаттарды ұсынуы тиіс.





Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив